Қала әкімі Қарағайлы ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі Қарағайлы ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы Қарағайлы, 74 мекенжайының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көшелерді жарықтандыру, жолдардың жай-күйі, қоқыс контейнерлерінің орнын ауыстыру, автотұрақ мәселесі, сондай-ақ тұрғын үйлердің құрылыс сапасына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар, негізгі көтерілген мәселе - кондоминиумды ресімдеу барысында мекенжай нөмірінің өзгеруіне байланысты тұрғындардың алаңдаушылығы болды.

Қала әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, әр мәселе бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді. Нақтырақ айтқанда, кондоминиум объектісі құрылған жағдайда мекенжайдың өзгеруі тұрғындарға меншік құжаттарын қайта рәсімдеу міндетін жүктемейтінін атап өтті.

Сондай-ақ, қала басшысы тұрғындарға МИБ (ОСИ) құрылғаннан кейін аталған мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік туатынын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, нақты шаралар қабылдау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.