
Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 12 тұрғын келіп, бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында баспана, тұрғын үй кезегі, жарық, жол жөндеу, абаттандыру және әлеуметтік көмекке байланысты мәселелер көтерді.
Қала басшысы қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңды тұрғыда түсіндірді. Және тиісті бөлім басшыларына, нақты тапсырмалар берді.