
БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы «Қатысушыны іздеу» бөлімінде баланың ЖСН-ін енгізіп, «Тексеру» батырмасын басыңыз.
Нәтижесінде баланың қай есепті жылдан бастап бағдарламаға қатысушы екені және жинақталған мақсатты талаптардың жалпы сомасы көрсетіледі.
Нысаналы талаптар – Үкіметтің Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтары алдындағы міндеттемелері. Олар Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы есебінен жыл сайын қалыптастырылады. Нысаналы талаптардың есебі БЖЗҚ-да жүргізіледі, бірақ активтер Ұлттық қор активтерінің құрамында қалып, инвестициялануын одан әрі жалғастырады және оларға жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.
Нысаналы жинақтар – Қазақстан Республикасының нысаналы жинақ алуға құқығы бар 18 жасқа толған алушы-азаматының нысаналы жинақтау шотында жинақталған нақты ақша.
Бала 18 жасқа толғанда оның нысаналы талаптары нысаналы жинаққа айналады. Олар бағдарламаның әрбір қатысушысының БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен есептеледі және сақталады.
БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына есептелген нысаналы жинақтар қаржы құралдарына инвестицияланбайды. Олар АҚШ долларында сақталады және нысаналы жинақ алушылар немесе олардың мұрагерлері пайдалана алады.
Қолданыстағы заңнамада тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға ақы төлеу мақсатындағы нысаналы жинақ төлемдерін жақын туыстарының пайдасына беру көзделмеген.
Сіздің балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарын екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім беру ақысын төлеуге өз бетінше пайдалану құқығына ие болады. Ол үшін балаңызға Уәкілетті операторларға өтініш беру қажет.
Бүгінгі күні уәкілетті оператор-банк ретінде:
"Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй және білім алу),
"Халық банкі" АҚ (білім алу),
"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу) тіркелген.
Кәмелетке толмаған баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері өз баласына Бағдарлама аясында жасалған есептеулерді kids.enpf.kz сайтында, EGOV mobile мобильді қосымшасында, сондай-ақ кейбір банктердің қосымшаларында көре алады.
Бала он сегіз жасқа толғанда "БЖЗҚ" АҚ-да оған нысаналы жинақтау шоты ашылады, оған тек нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алады.
Қазақстан Республикасының азаматтығы он сегіз жасқа толғанға дейін немесе одан кейін тоқтатылған кезде нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақтар төлемін алу құқығынан айырылады. Бұл ретте оның нысаналы талаптары мен нысаналы жинақтары белгіленген тәртіп бойыншапен басқа қатысушылар арасында бөлінетін болады, ал оның нысаналы жинақтау шоты жабылады.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушы қайтыс болған жағдайда оның нысаналы талаптары немесе нысаналы жинақтары азаматтық заңнамаға сәйкес мұраға беріледі. Оларды алу үшін мұрагерлер БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет. Қаражат қайтыс болған адамдардың нысаналы жинақтарын нысаналы жинақтау шотына есептегеннен кейін ғана қолжетімді болады. Төлемдерді алу үшін мұрагерлер уәкілетті оператор-банкте АҚШ долларымен банктік шот ашады.
Мұрагерлер қаражатты кез-келген мақсатта пайдалана алады, яғни оларды мақсатты пайдалану туралы міндетті талап жойылады.
Нысаналы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты төлемдерді ресімдеуге қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ сайтында орналастырылған.
Нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматтығы болған жағдайда, нысаналы жинақтау шотындағы нысаналы жинақты қолда бар нысаналы жинақтар шегінде шектеусіз рет пайдалануға болады.
Егер ЖСН-ы көрсетілген бала "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (ЖТМДҚ) алынған мәліметтерге сәйкес ҚР азаматы болмаса, сәйкесінше, ол «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатыса аламайды және нысаналы талаптары да болмайды.
ЖТМДҚ-дағы мәліметтерді өзектендіру қажет болған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес береміз.
ЖТМДҚ-ға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін, БЖЗҚ осы жеке тұлғаны өткізіп алған кезеңді ескере отырып, нысаналы талаптарға қатысушы балалардың және (немесе) нысаналы жинақтарды алушылардың тізіміне енгізеді.
ҚР заңнамасына сәйкес нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу БЖЗҚ-да АҚШ долларымен жүргізіледі. Төлеген кезде нысаналы жинақтар нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті оператор - банктерде АҚШ долларымен ашатын банктік шоттарына есептеліп, аударылады.
Заңнамада екінші деңгейдегі банктер бойынша ешқандай шектеулер белгіленбеген, яғни БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның екінші деңгейдегі кез келген Банкі Бағдарламаға қатыса алады.
Бүгінгі күні уәкілетті оператор-банк ретінде:
"Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй және білім алу),
"Халық банкі" АҚ (білім алу),
"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу) тіркелген.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған барлық азаматы жобаға қатысады. Сіздің балаңыз Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасына қатыса алады.