Семейде қар шығару жұмыстары жалғасуда

Семейде қар шығару жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында қар шығару жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты қала әкімі көшпелі кеңес өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Қазіргі таңда қар шығару жұмыстары екі ауысымда жүріп жатыр. Күндізгі ауысымда 40-тан астам арнайы техника жұмылдырылса, түнгі ауысымда 30 бірлік техника жұмыс істеуде.

Қыс мезгілі басталғалы бері қала аумағынан 130 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Жиын барысында қала әкімі жауапты бөлім басшылары мен мердігер ұйымдарға арнайы техниканың санын екі есе арттыруды және жұмыстың қарқынын күшейтуді тапсырды.