Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен жиналыс өтті. Отырысқа әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде тұрғын үй секторындағы халықтың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында Семей қаласының тұрғын үй секторында тіркелген өрт оқиғалары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға төмендегені атап өтілді.

Өрттің алдын алу және тәуекелдерді азайту мақсатында Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен 65 әлеуметтік осал тұрғын үйге пеш мұржаларын тазалау және пеш алдындағы металл табақшаларды орнату бойынша көмек көрсетілді.

2026 жылы Семей қаласы әкімдігі Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп тұрғын үйлерге өрт датчиктерін орнату жұмыстарын жалғастыруда.

«Қала әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасы бірлесіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруы қажет. Әсіресе алдын алу шараларына баса мән беріп, әлеуметтік осал топтармен жұмысты күшейту маңызды», – деп атап өтті Әділет Нұрсағатұлы.

Жиын қорытындысында қала әкімі жауапты мекемелерге алдын алу шараларын күшейтіп, аталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.