Семей қаласында жабық кешенде туристік көпсайыстан қала біріншілігі өтті.

Семей қаласында жабық кешенде туристік көпсайыстан қала біріншілігі өтті.

2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Семей қаласында жабық кешенде туристік көпсайыстан қала біріншілігі өтті. Жарысқа қала мен өңір командалары қатысып, жасөспірімдер мен жастар өздерінің тактикалық және техникалық шеберліктерін көрсетті. Іс-шара спорттық туризмді дамытуға бағытталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан грамота және медальдармен марапатталды.