
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлығы 20 азамат келді.
Кездесуге қала әкімдігінің бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері және «Отбасы банк» қызметкерлері қатысты.
Азаматтар тарапынан аумақтарды абаттандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымы, жарықтандыру, жер, қоғамдық көлік жай-күйі, ауыз су тарту және қоқыс жайлы бірқатар мәселелер көтерілді.
Әр тұрғынның өтініштері бойынша түсіндірме беріліп, қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.