Жолдау - жаңғыру жолы

Жолдау - жаңғыру жолы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері №6 мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушыларының қатысуымен ҚР Президентінің Жолдауы мен бағдарламалық мақалалары аясында «Жолдау - жаңғыру жолы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Шараға «Жастар-ресурстық орталығы»-ның маманы Талшын Жұманқұлова қатысты.

Дөңгелек үстел басында студенттерге «Жолдау – болашаққа бағдар» тақырыбында қысқаша мультимедиялық таныстырылым ұсынылып, Жолдауда көтерілген басты бағыттар инфографика, қысқа дәйексөздер және нақты өмірлік мысалдар арқылы түсіндірілді. Әсіресе, жастардың рөлі мен қоғам алдындағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Әрі қарай студенттер «Жолдауда айтылған қай бағыт сіздің өміріңізге тікелей әсер етеді?» деген сұраққа өз ойларын білдіріп  жауапты стикерге жазып, тақтаға ілді.

Іс-шара қонағы Талшын Жаманқұлова өз сөзінде «Жолдау – тек ресми құжат емес, ол елдің болашағын айқындайтын нақты бағыт-бағдар екенін, онда көрсетілген басымдықтар қоғамның барлық саласына әсер етіп, әр азаматтың саналы әрекетіне жол ашатынын айтты. Ал жасанды интеллектіні дұрыс әрі тиімді пайдалану – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі деп, себебі заманауи технологияларды жауапкершілікпен қолдану білім сапасын арттырып, ақпаратты жүйелеуге, уақыт талабына сай дамуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Дөңгелек үстелдің қорытынды кезеңінде ONE WORD әдісі бойынша жаттығу өткізілді. Бұл кезеңде әр қатысушы «Жолдау - бұл …» деген сөйлемді жалғастырып, Жолдауды бір сөзбен сипаттады. Аталған сөздердің қатарында «мүмкіндік», «жауапкершілік», «болашақ», «сенім», «жаңғырту» сөздері болды.

Дөңгелек үстел интерактивті форматта өтіп, сын тұрғысынан ойлауды дамытуға, азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларды талқылауға белсенді қатысуына және тәжірибе алмасуына ықпал етті.

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана