Көңілді қимылдар

Көңілді қимылдар

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері ИНСАИТ түзету-дамыту орталығымен бірлесе отырып, ИНСАИТ мектебінің спорт залында мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың қатысуымен «Көңілді қимылдар» атты қозғалыс ойынын өткізді.

Іс-шарада қатысушыларға спорт залдағы түрлі құрал-жабдықтарды пайдалана отырып қимыл-қозғалыс ойындары ұсынылды. Мұндағы негізгі мақсат – балаларда шынайы жағымды эмоциялардың пайда болуына жағдай жасау. Сонымен қатар, дамуында ауытқушылықтары бар балалар үшін ойынның қандай қимыл әрекеттерінен тұратыны, оның қандай қарқынмен өткізілетіні және ағзаның дене жүктемесіне қалай жауап беретіні, сондай-ақ ойындарды іріктеу кезінде әр баланың нақты қимыл-қозғалыс мүмкіндіктері мен жүктемеге жеке реакциясы ескерілді.

Қимыл-қозғалыс ойындары сергіту жаттығуларынан басталды. Барлық қатысушылар қол ұстасып, ортасында жүргізуші тұрған шеңбер құрды. Жүргізушінің  белгісі бойынша ойыншылар шеңбер бойымен оңға және солға қарай қозғалды.

Сонымен алғашқы ойын «Допты қуып жет» деп аталды. Қатысушылар қайтадан шеңбер құрып, екі ойыншыға бір-бірден допты белгі бойынша оң жақта тұрған ойыншыға тез арада берілді.

Келесі «Қоңырауды қуып жет» ойынында екі жұп жүргізуші таңдалды. Ойыншылардың біріне қоңырау берілді. Ол жүргізушілерден қашып жүрді, ал олар қол ұстасып, оны қоршап алды.

«Үздік мұрын» ойынында апельсин қабықтары, алма, сарымсақ, ірімшік, бұрыш, пияз (тазартылған), лимон сынды түрлі иісті заттары бар қапшықтар қойылды. Балалар аз қашықтықта бір-бір пакетті иіскеп, пакетте не жатқанын анықтау ұсынылды. Дұрыс жауап берген ойыншы жеңімпаз атанды. Ойын бірнеше рет қайталанды.

Шараның қорытынды кезеңінде «Тыйым салынған түс» ойыны болды. Мұнда балалардың геометриялық пішіндердің түсі мен пішінін ажырата білуі тексерілді. Жетекші алаңда картоннан кесілген 30-40 түрлі-түсті төртбұрыш, шеңберлер, үшбұрыштар, тікбұрыштар сынды геометриялық пішіндердің түсін атайды (мысалы, қызыл), барлық ойнашылар көрсетілген түсті пішіндерді барынша жинап,  көп жинаған ойыншы жеңімпаз атанды.

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана