«МЕН – БОЛАШАҚ САЙЛАУШЫМЫН» атты комикстер байқауының қорытындысы

«МЕН – БОЛАШАҚ САЙЛАУШЫМЫН» атты комикстер байқауының қорытындысы

2026 жылғы 5 ақпанда сағат 13:00-де  Абай облысы Семей қаласындағы №51 жалпы білім беретін орта мектебі базасында Дүниежүзілік сайлау күніне орай мектептер мен оқу орындары оқушылары арасында ұйымдастырылған, жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған «МЕН – БОЛАШАҚ САЙЛАУШЫМЫН» атты комикстер байқауының қорытындысы жарияландыды.

Мақсаты: Жастардың сайлау және сайлаушылардың құқықтары туралы хабардарлығын арттыру, қоғамдық және азаматтық тақырыптарды талқылауға тарту, сондай-ақ қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу.

Іс-шараға Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, комикстер байқауына қатысқаны үшін марапатталатын номинанттар және жас сайлаушылар клубының мүшелері қатысты.

Іс-шараның басында Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жеңісов Мұрат Жеңісұлы ақпан айының алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні атап өтілетінін атап өтті. Бұл күн 2005 жылғы 14–17 қыркүйекте Венгрияның Шиофок қаласында өткен Сайлау органдарының жалпы конференциясы аясында бекітілген. Содан бері бұл мереке жыл сайын аталып өтіп, азаматтардың сайлауға қатысуға жалпыға бірдей құқығын, сондай-ақ демократиялық азаматтық құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуді білдіреді.

Байқау қорытындысын шығара отырып, Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Идрисова Н.Б. өз сөзінде жұмыстарды қабылдау 16 қаңтар мен 3 ақпан аралығында өткенін және байқауға мектеп оқушылары мен студенттер қатысқанын айтты. Қатысушылар шығармашылық форматта сайлаудың рөлі мен азаматтардың сайлау процесіне қатысуының маңыздылығын көрсетті. Комикс тілі арқылы олар азаматтық жауапкершілік, саналы таңдау және демократиялық қоғамдағы әрбір дауыстың маңызын жеткізді.

Іс-шараға қатысқан байқаудың қазылар алқасының мүшесі Назигуль Слямболқызы Газизова «МЕН – БОЛАШАҚ САЙЛАУШЫМЫН» байқауының өткізілуі жастардың азаматтық қатысу мәселелеріне деген жоғары қызығушылығын дәлелдегенін және болашақ сайлаушыларды тәрбиелеудегі маңызды қадам болғанын атап өтті. Байқауға 20 білім беру ұйымынан 30 дан астам жұмыс түскені айтылды. Ұсынылған комикстер идеяларының ерекшелігімен, көркемдік тәсілдерінің алуан түрлілігімен және тақырыптың терең ашылуымен көзге түсті.

Іс-шара «МЕН – БОЛАШАҚ САЙЛАУШЫМЫН» комикстер байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты.

Байқау комиссиясының шешімімен бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

  • «Ең үздік комикс» – Манарбекова Айдана (Семей қаласы, №51 орта мектеп) жетекші: Ибраева Назгуль Бауыржанқызы
  • «Ерекше ойы үшін» - Оралханова Жанель (Семей қаласы, №49 орта мектеп);
  • «Көрермендер көзайымы»  - Ақан Айзере (Семей қаласы, №25 орта мектеп)
  • «Ең үздік дебют» - Кукежанова Анель (Семей қаласы, №25 орта мектеп); жетекші: Белгибаева Нургуль Сапаргалыевна
  • «Көркемдік шеберлігі» - Дәулетбек Ерасыл (Семей қаласы, №51 орта мектеп);
  • «Ең қысқа комикс» - Шоқанов Таир  (Семей қаласы,  Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі); жетекші: Муханова Гульмира Кулжатаевна

Қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Байқау жұмыстары көрмеге қойылып, сондай-ақ Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ресми ақпараттық ресурстарында орналастырылды.

Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы байқауға белсенді қатысып, оны өткізуге үлес қосқан барлық қатысушылар мен педагогтарға алғысын білдіреді.