
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері №12 мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақтың спорттық ойындары – ұлттық құндылықтар» атты танымдық ойын өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстырып, олардың пайда болу тарихы туралы ақпарат берді. Ұлттық ойындардың көне заманнан бері келе жатқан дәстүрлі ойын-сауық түрі екені, олардың бастауын ғасырлар қойнауынан алатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, қазақтың ұлттық спорттық ойындары халықтың өмірі және дәстүрлерімен тығыз байланысты екені, дене күші, ептілікті, батылдық пен ақылдылықты дамытуға ықпал ете отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің тиімді құралы ретінде қызмет ететіндігі, сондай-ақ жастардың мінезі мен рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны айтылды.
Әрі қарай қатысушыларға «Ұлттық ойындар» атты слайд-тұсаукесер ұсынылып, балалар «Арқан тарту» және өзіне деген сенімділікті, зейін мен ептілікті дамытуға ықпал ететін «Асық ату», стратегиялық ойлауды қалыптастыратын «Садақ тарту», сондай-ақ «Тоғыз құмалақ» сынды ойындарға қатысты.
Шара соңында «Қазақтың спорттық ойындары - ұлттық құндылықтар» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.
Қалалық орталық кітапхана