
Қала басшысы Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға бөлім басшылары, Отбасы банк және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй саласы, жолдарды жөндеу, абаттандыру, жылумен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және жер телімдеріне қатысты мәселелерді көтерді.
Әділет Нұрсағатұлы қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заң аясында түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын айтты.