
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу аясында «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты сұрақ-жауап кешін өткізді.
Шараға учаскелік инспектор, полиция майоры Нұржан Серикканович Нурталиев пен полиция майоры Неспбаева Маржан және Технология колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шара басында кітапхана қызметкері Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы деп жариялайтынын еске салып, заңдарды білу және адам құқықтарын құрметтеу саналы азаматты қалыптастырудың негізі болып табылатынын атап өтті.
Шара қонағы Нұржан Нурталиев сөз кезегінде, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері және олар үшін қарастырылған жазалар туралы айтып, сондай-ақ, полиция майоры Маржан Әділжанқызы Неспбаева жасөспірімдер арасындағы қылмыс әлі де өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі болып қала беретінін, сондай-ақ Қазақстанда жыл сайын жеті мыңға жуық кәмелетке толмаған құқық бұзушылар анықталып, олардың едәуір бөлігі қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
Кездесу соңында қатысушыларға «Жасөспірім және қылмыс» бейнеролигі көрсетілді.
Қалалық орталық кітапхана