Тәрбиелі ұрпақ – саналы болашақ

Тәрбиелі ұрпақ – саналы болашақ

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Көлік колледжі студенттерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында «Sanalyurpaq» бағытына арналған «Тәрбиелі ұрпақ – саналы болашақ» атты информина өтті Іс-шараға «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының сектор меңгерушісі Жазитов Ануар Нұрбекұлы және Шәкәрім атындағы университеттің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі Мұқатаева Айзат Амантайқызы қатысты.

Шара барысында кітапхана қызметкері қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық мәселесі екенін, осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні алаңдаушылық туғызып отырғанын атап өтті.

Шара қонағы «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының сектор меңгерушісі А.Н. Жазитов «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады?», «Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады?» және тағы да басқа сауалдарға жауап бере отырып, өз пікірін білдірді.

Сонымен қатар, философия ғылымдарының кандидаты, педагогикалық ғылымдар академиясының коореспондент  мүшесі А.А. Мұқатаева сыбайлас жемқорлықтың жаһандық проблема екенін, бұл құбылыстан ешбір мемлекет, ешбір саяси жүйе, ешбір қоғамдық тәртіп толықтай сақтандырылмағанын атап өтті. Сондықтан бұл зұлымдықпен күресу үшін күш-жігерді біріктіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бірлесе жұмыс істеу қажет екенін айтты.

Әрі қарай оқырмандар адалдық, әділдік туралы мақал-мәтелдер оқып, сыбайлас жемқорлықпен күресте тек құқықтық органдар ғана емес, азаматтық және қоғамдық ұйымдар да маңызды басымдық беріп, белсенділік танытулары қажет екендігі туралы қорытындыға келді.

Іс-шара қорытындысында кітапханашы әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктерімізді пайдалануға тырысу керектігін, себебі болашақ өзіміздің қолымызда екенін айта келе, «Адал ұрпақ - ел болашағы» атты мерзімді басылымдар ұсынылған көрмеге библиографиялық шолу жасады.

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана