ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

*Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы*

«**МЕН – БОЛАШАҚ САЙЛАУШЫМЫН**» атты **комикстер байқауының** басталғанын хабарлайды!

Байқаудың мақсаты – жастардың сайлау және сайлаушылардың құқықтары туралы білімін арттыру, азаматтық белсенділікті қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

**Байқау Дүниежүзілік сайлау күніне – 5 ақпанға орай өткізіледі.**

**Жұмыстар 2026 жылғы 16 қаңтар мен 3 ақпан күні аралығында қабылданады.**

**Қатысушылардың жас санаттары:**

(мектеп оқушылары мен оқу орындар студенттері)

* 14–21 жас;

* 22–30 жас.

**Байқау тақырыптары:**

* «Неліктен дауыс беру маңызды»;

* «Менің алғашқы таңдауым»;

* «Егер мен кандидат болсам…».

**Қатысу шарттары:**

* Комикстер электронды форматта немесе қолмен салынған (сканерленген/фото) түрде қабылданады;

* Жұмыстарды **WhatsApp: 8 707 729 86 93** нөміріне жіберу қажет;

* Әр қатысушы **Тек бір ғана жұмыс** ұсына алады (көлемі 2–4 бет);

* Жұмыспен бірге толық аты-жөні, жасы, қала атауы және таңдалған тақырып көрсетілуі тиіс;

* Тіл мәдениетіне, мазмұнның анықтығына және көркемдік шеберлікке ерекше мән беріледі.

**Бағалау критерийлері:**

* Тақырыпқа сәйкестігі;

* Шығармашылық ерекшелігі, идеяның жаңашылдығы;

* Әлеуметтік маңыздылығы мен эмоционалдық әсері.

Байқау жұмыстарын қазылар алқасы бағалайды.

**Нәтижелер 2026 жылғы 5 ақпанда жарияланады.**

**Номинациялар:**

* «Ең жақсы комикс»

* «Идеяның түпнұсқасы үшін»

* «Көрермендер сыйлығы»

* «Ең жақсы дебют»

* «Көркем орындағаны үшін»

* «Ең жақсы қысқа комикс»

Ең үздік жұмыстар **@tik.semey** Instagram парақшасында жарияланады.

**Байланыс ақпараты:**

Мекен-жайы: Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы, Абай к-сі, 86

Тел.: 52-60-06

Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 9:00–18:00

**Белсенді бол, ойыңды суретпен жеткіз, болашағыңды бүгіннен таңда!**