Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлығы 20 азамат келіп, бір тұрғын онлайн форматта қосылды.

Кездесуге қала әкімдігінің бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері және «Отбасы банк» қызметкерлері қатысты.

Азаматтар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, аумақтарды абаттандыру, аялдамалардың жай-күйі, жол инфрақұрылымы және қысқы спорт түрлеріне қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.

Әрбір өтініш бойынша заңнама аясында түсіндірме беріліп, қала әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.