
2026 жылдың басында Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.
Комиссия отырысы қала әкімінің орынбасары Қ. Әбілдаевтың төрағалығымен және комиссияның мүшелерінің қатысуымен өтті. Комиссия отырысында барлығы 11 құжат қаралды, оның ішінде «қолайсыз жанұя» санаты бойынша есепте тұрған, тәрбиесінде кәмелетке толмаған балалары бар жанұяға қатысты 2 -материал қаралса, ал «кәмелетке толмағандар» санаты бойынша 9 материал қаралды, барлығына қатысты мәселелер олардың заңды өкілдерінің қатысуымен қаралды.
Нәтижесінде комиссия шешімімен «қолайсыз жанұя» санаты бойынша есепте тұрған, тәрбиесінде кәмелетке толмаған балалары бар жанұяға қатысты 2 -материалда азаматтарға қатысты «қатаң ескерту» шешімі қабылданды. Ал «кәмелетке толмағандарға қатысты» тоғыз материал бойынша кәмелетке толмағандардың қаңғыбастығы, тәртіп бұзу фактілері бойынша комиссия шешімімен барлығына «қатаң ескерту» шешімі қабылданды.
Комиссия шешімдерін орындауды Семей қаласының ювеналды полиция бөлімдеріне және Семей қаласы Білім бөліміне жүктелді.