
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ-нің тәрбиеленушілері және №31 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушыларының қатысуымен патриоттық тәрбие аясында «Мен елімнің патриотымын!» атты MemoryWatch өткізді.
Іс-шара басында кітапхана қызметкері патриоттық тәрбие ең алдымен адамның ата-анасы мен отбасына деген сүйіспеншілігінен басталатынын атап өтті. Адамда патриотизмді қалыптастыру отбасылық тәрбиеден басталып, мұғалімдерді оқыту және тәлімгерлік ету процесінде жалғасатынын, ал кітап патриотизм рухында өзін-өзі тәрбиелеудің сенімді тірегі болып табылатынын айтты.
Сондай-ақ ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлының «Патриот» сөзінің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ойларын жеткізе отырып, нақыл сөзін тілге тиек етті.
Әрі қарай Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы айтып, қатысушыларды елдің мемлекеттік рәміздері ту, елтаңба және әнұранмен таныстырды. Рәміздердің авторлары аталып өтіп, олардың мағынасы түсіндірілді, сондай-ақ олардың құндылықтары, ұлттық дәстүрімізге деген жақындығы жайында сөз қозғалды.
Тақырыпқа байланысты оқырмандар «Мен өз елімнің патриотымын, себебі ...»- деген дәлелдеменің тізбеген жалғастыра отырып, ойларын білдірді.
Шара жалғасында кітапхана қызметкері оқырмандар арасында ерекше сұрақ-жауап форматын «Қолшатыр» әдісі арқылы өткізді. Оқырмандар елімізге, қазақстан жеріне байланысты жаңбыр тамшысында жасырылған сұрақтарға жауап беріп, тарихи кезеңдерді, оқиғаларды еске түсірді. Сондай-ақ «Патриот деген…» сауалына әр қатысушы жауабын қоғаз бетіне түсіріп, ортаға шығып айтып, тақтаға жабыстырып, постер құрастырды.
Іс-шара кітапхана қорындағы кітаптарға шолумен аяқталды.