Қала әкімі кезекті рет арық жүйелерін тексерді

Қала әкімі кезекті рет арық жүйелерін тексерді

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы кезекті рет арық жүйелерін тексерді. Көшпелі кеңеске қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен мердігер ұйым өкілі қатысты.

Еске сала кетейік, осыған дейін қала басшысы мердігер ұйымның жұмысы сын көтермейтіндігін, сондықтан да жұмысты күшейтуді тапсырған еді.

Дегенмен көшпелі кеңес кезінде мердігер ұйым өз жұмысын тиянақты түрде атқармағаны белгілі болды

Қала әкімі тиісті бөлім басшыларына мердігер ұйыммен келісім шартты үзуді тапсырды.