
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы қала депутаттарымен ашық диалог форматында кездесу өткізді. Жиынға дербес бөлім басшылары мен депутаттар қатысты.
Кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, өзара пікір алмасылды.
«Өткен кезеңде қала бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол, абаттандыру, әлеуметтік сала бағыттарында нақты нәтижелер бар. Бұл жұмыстардың барлығы сіздердің қолдауларыңызбен, бірлескен шешімдердің арқасында жүзеге асты деп айтуға болады», - деді Әділет Нұрсағатұлы.
Кездесуде депутаттар өз сауалдарын қойып, қала үшін маңызды бірқатар мәселелер жан-жақты талқыланды.
Еске сала кетейік, облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен және қала депутаттарының қолдауымен 2026 жылдан бастап салық мөлшерлемесі 4%-дан 2%-ға төмендетілген еді.