Семейде бірқатар жылу нысандарының жұмысы тексерілді

Семейде бірқатар жылу нысандарының жұмысы тексерілді

Ауа райының суытуына байланысты Семей қаласындағы жылу нысандарының жұмысына тексеру жүргізілді. Абай облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов «103–103А» жылу қазандығына барды.

Қазіргі таңда аталған нысан штаттық режимде тұрақты жұмыс істеп тұр

Сондай-ақ Семей қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Топаев ЖЭО-1 және «Ғаббасов» жылу нысандарын аралады. Кәсіпорындарда төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ақауларды жедел жоюды қамтамасыз ететін авариялық-қалпына келтіру бригадалары жұмыс істейді.

Халықтан келіп түскен өтініштер мен шағымдар жедел тәртіппен қаралып, анықталған кемшіліктер уақытылы жойылуда.

Еске сала кетейік, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы қала әкімінің қаулысына сәйкес 2025 жылдың 29 қыркүйегінде басталды.