
Семей қаласының әкімдігі 2026 жылғы 20 қаңтардан бастап 1 наурызға дейін тұрғындардың 2027 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» (бұдан әрі – ХҚБ) жобасы бойынша өтінімдерін қабылдайды, оның шеңберінде азаматтар жергілікті бюджетті бөлуге қатыса алады.
1 кезең
Қала тұрғындары келесі бағыттар бойынша жобалық ұсыныстар ұсына алады (автор тек бір жобалық ұсыныс бере алады):
Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
1) жобалық ұсыныстың атауы бір ұсыныс шегінде қысқаша баяндалуы тиіс және ұсынылатын жобалық ұсыныстың мақсатына қайшы келмеуі тиіс;
2) жобалық ұсыныстар келесі критерийлерге сәйкес келуі керек:
бір өтінім – бір объект;
жалпы пайдалану объектісі;
қала тұрғындары үшін өзектілігі;
мақсат пен нәтиженің үйлесімділігі;
қаржы жылы ішінде іске асыру мүмкіндігі;
3) жобалық ұсынысты іске асыру әкімдіктің құзыреті шегінде болуға тиіс;
4) жобалық ұсыныста жобаның атауын, сипаттамасын, іске асыру орнын және байланыс деректері бар жоба авторының тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.
Қарауға қабылданбайтын жобалық ұсыныстар:
1) біртұтас емес, бірақ фрагменттік сипатқа ие (болашақта элементтердің бірін орындау қосымша элементтерді енгізуді қажет етеді);
2) қаланы дамыту басымдықтарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейді;
3) жеке коммерциялық сипаттағы жобалық ұсыныстарды іске асыруды көздейді;
4) тек жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған;
5) соңғы бес жыл ішінде абаттандыру жұмыстары жүргізілген аула аумақтары;
6) қала тұрғындары үшін шектеулі қолжетімділік бар;
7) балағат сөздер, жала жабу, қорлау, зорлық-зомбылыққа шақыру және
тағыда басқалар.
Жобалық ұсыныстар электрондық түрде қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey?lang=kk) «Халық қатысатын бюджет 2026» бөлімінде беріледі.
Автор жобалық ұсынысқа болжамды немесе дәл сметалық есептеуді, жобаның фотосуретін/эскизін/макетін/схемасын қоса беруі керек.
Тұрғындардан жобалық ұсыныстарды жинау 2026 жылғы 1 наурызға дейін жүзеге асырылады.
2 кезең
Жобалау ұсыныстарын қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша сараптама кеңесі 2026 жылғы 5 сәуірге дейінгі мерзімде келіп түскен жобалау ұсыныстарын талдауды жүзеге асыратын болады.
Іске асырылуы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жобалық ұсыныстар дауыс беруді өткізу үшін ресми интернет-ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын болады.
3 кезең
2026 жылдың 24 сәуіріне дейін кәмелетке толған тұрғындар дауыс беруге қатыса алады. Дауыс беру үшін Семей қаласы әкімдігінің сайтында өзіңізге ұнайтын жобаны таңдап, «Халық қатысатын бюджет 2026» бөліміне өту қажет.
«Халық қатысатын бюджет 2026» жобасының шарттары бойынша бір адам сайттың басты бетіндегі «пайдалы сілтемелер» кіші бөліміндегі «Халық қатысатын бюджет 2026» бөлімінде, сондай-ақ eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында бір жобаға дауыс бере алады.
Сондай-ақ, ХҚБ жобасының бір немесе басқа жобасына дауыс бергісі келетін адамның тіркелуін тексеру механизмі қосылды, егер бұл адам ХҚБ жобасының объектісі орналасқан ауданда тіркелген болса ғана жобаға дауыс беруге болады. Тексеру адамның тұрақты және уақытша тіркелуі бойынша жүзеге асырылады.
50-ден аз тұрғын дауыс берген жобалық ұсыныстарды іске асырылмайды.
Бұдан әрі eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы жобалық ұсынысқа дауыс беру бойынша қадамдық нұсқаулық берілген.
Ұсынысты қалай беруге болады:
Ұсыныс жіберілгеннен кейін Сіздің өтініміңіз тіркеледі және оған нөмір беріледі.
Қалай дауыс беруге болады:
3.1 Жобалар тізімінің бетінде Сізге ұнаған жобадағы «ұнату» белгішесін басыңыз;
3.2 Жоба бетіне өтіп, «Дауыс беру» түймесін басыңыз.
Әрі қарай, сіздің дауысыңыз таңдалған жобадағы ағымдағы есептегішке қосылады.
Пайдаланушы ХҚБ жобаларының бүкіл тізімінен тек бір жобаға дауыс бере алатынын ескеріңіз, сондықтан таңдау кезінде мұқият болу керек. Берілген дауысты жою мүмкін емес.
Белгілі бір жобаны іздеудің қарапайымдылығы үшін таңдалған критерийлер бойынша жобаларды көрсететін сүзу бар.
Байланыс телефондары: «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ, тел: 8222360035