
Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Отырысқа бөлімдер мен коммуналдық қызметтердің басшылары қатысты
Жиында 2025 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алулар және 2011–2023 жылдары салынған объектілерді 2025–2026 жылдары коммуналдық меншікке беру және мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Жакупов пен құрылыс бөлімінің басшысы Саят Тойкенов баяндама жасады.
2025 жылы барлығы 114 конкурс өтсе, оның 111-і ашық конкурс, 3-еуі рейтинг-баллдық жүйе арқылы ұйымдастырылған. Ал құрылыс бөлімі бойынша тексеру кезінде 109 нысан анықталып, қазіргі таңда 47 нысан пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне берілді.
«Басты міндет – басталған жобаларды сапалы аяқтау, жаңа жоспарларды нақты мерзімдермен іске асыру және халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық беру. Әрбір бөлім өзіне жүктелген міндет үшін нақты жауапкершілік алуы тиіс», – деді қала әкімі.
Сонымен қатар қалада ауа-райының күрт төмендеуіне байланысты «Семей Водоканал» МКК және «Теплокоммуноэнерго» МКК басшылары қазіргі жағдай туралы баяндады. Бүгінде кәсіпорындар күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Әділет Нұрсағатұлы коммуналдық қызметтерге жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. 
Жиын соңында қала әкімі тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.