«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

«Абай  облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылықты жүргізу құқығындағы

«Абай облысы Семей  қаласының «Семей тәртіп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры – 1 бірлік.

«Абай облысы Семей  қаласының «Семей тәртіп» КММ мына мекенжайда орналасқан:пошта индексі 071400, Абай облысы , Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 97 үй , телефон: 35-55-06.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

1) Қала мен елді мекендерді абаттандыру және дамыту;

2) Елді мекендерге санитарлық қызмет көрсету;

3) Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

4) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне (лифт, шатыр, инженерлік желілер) күрделі жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу;

5) Қала көшелері мен жолдарын күтіп ұстау.

Функционалдық міндеттері: мекемедегі  істің жай-күйі және мүліктің мақсатты пайдалануы мен сақталуы үшін меншік иесі мен мемлекеттік басқару органы алдында жеке жауапкершілік жүктейді; заңдылықтармен және осы Жарғымен белгіленген құзырет шегінде дара басқару қағидатында және дербес іс-әрекет  жасайды, Мекеме қызметінің мәселелерін шешеді; Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды, оның мүдделерін барлық органдарда қорғайды, Заңнамамен және осы Жарғымен белгіленген шектерде Мекеменің мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, өзге келісімдер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; құрылтайшының шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; штат кестесін бекітеді, еңбекті төлеу жүйесін белгілейді, Мекеменің барлық  қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар  береді, Мекеме қызметшілері  арасындағы міндеттерді  бөледі; өз құзыры шегінде еңбек заңнамасына сәйкес Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге  асырады, көтермелеу шараларын қабылдайды  және жаза белгілейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары «Инженерлік—техникалық» басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемі 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Көрсетілген лауазымға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарын, осы мекеменің қызметі аясындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті кәсіби білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы бекіткен Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сонымен бірге оның кандидатурасын келісу қағидаларының негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар, «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінің ресми басылымында конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде, тезтікпеге салынған мына құжаттарды «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Абай облысы, Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі, 1, 201-кабинетке  тапсырады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген түйіндеме;

3) еркін түрде жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе соңғы жұмыс орнында жасалған еңбек шартының, немесе жұмысқа қабылдау және еңбек шартын доғару туралы бұйрықтардың үзінділерінің көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығы бекіткен үлгі бойынша денсаулығының жай-күйі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін жоғарылату, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтың қолдау хаттарын және т.б.) тапсыра алады.

Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген үміткерлер, үміткерлерді конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хабарландырған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Абай облысы, Семей қаласы,Тәңірбергенов  көшесі 1 мекенжайында орналасқан « Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімі» ММ-ң ғимаратында № 201  кабинетте әңгімелесуден өтеді.

Конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарды (конкурс өткізетін жерге бару және қайту, пәтерде тұру және т. б.) азаматтар өз қаражаты есебінен төлейді.