
Жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мақсатында қалада шағын автобустарды жаңа автобустарға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Жаңарту жұмыстарын «Таксомоторный парк» ЖШС тасымалдаушысы жүзеге асырып жатыр. Жаңа автобустар тұрғындар арасында сұранысқа ие №16, №18 және №55 бағыттарында қатынайды.
10 бірлік жаңа автобустар кондиционерлермен және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Ертеңнен бастап жаңа автобустар желіге шығып, жолаушыларға штаттық режимде қызмет көрсете бастайды.
Биыл саяжайларға қатынайтын автобустарды кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған. Сол маршруттардың бірі – №18 бағыт.