Семей қаласында «Семей» футзал клубын салтанатты түрде қарсы алды.

Семей қаласында «Семей» футзал клубын салтанатты түрде қарсы алды.

Семей қаласында жеңімпаз команданы салтанатты түрде қарсы алды. Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы және жанкүйерлер команда ойыншыларын құттықтап, олардың жеңісіне ортақтасты. Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласында өткен Қазақстан кубогының финалында «Семей» ФК «Ақтөбе» футзал клубын 5:2 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогының екі дүркін иегері атанған еді. Спортшыларымызға алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз! Жеңіс құтты болсын, жерлестер!