Қала әкімінің төрағалығымен коммуналдық қызметтердің жұмыс кеңесі өтті

Қала әкімінің төрағалығымен коммуналдық қызметтердің жұмыс кеңесі өтті
Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қызметкерлерімен, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында қала басшысы жолдардың жай-күйі, көшелер мен қоғамдық орындардың жарықтандырылуы мен тазалығы талқыланды.

«Бұл – қала тұрғындарына көрсетілетін маңызды қызметтер. Сондықтан әрбір атқарылған жұмыс нақты нәтижемен көрініс табуы қажет», - деді қала әкімі.
🌀
Сондай-ақ қала әкімі қаланы жылу, ауызсу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.