
Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына арнайы барып, жаңа жылдық іс-шараға қатысты. Шара барысында қала басшысы сөз сөйлеп, орталықтан қызмет алушы балаларды келе жатқан жаңа жылмен шын жүректен құттықтады.
«Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл әр шаңыраққа құт-береке, бейбіт өмір мен мол қуаныш алып келсін. Балаларымыз аман-сау, білімді де бақытты болып өссін. Армандарыңыз орындалып, жүздеріңізден күлкі кетпесін», – деді Әділет Нұрсағатұлы.
Мерекелік бағдарлама аясында балалар ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңында бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Бұл мереке балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жаңа жылдық қуанышты сезінуге мүмкіндік берді