Қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды қабылдау орталығы мен облыстық «AMANAT» партиясының филиалында тұрғындарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға 15 тұрғын келіп, өздерінің сұрақтары мен мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдау барысында тұрғын үй, абаттандыру, ауыз су, жарық, жол және әлеуметтік көмекке қатысты мәселелерді көтерді. Дербес бөлімдердің және коммуналдық қызметтердің басшылары қатысып, тұрғындардың өтініштерін тыңдап, заңнама аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, жеке қабылдауға жазылу үшін Тәнірберген көшесі 1, №112 кабинет немесе Достаевский көшесі 110, №7 кабинетке барып, өтініш қалдыру қажет.