
Отбасын қолдау орталығында Жаңа жыл мерекесіне арналған кездесу өтті. Іс-шараға қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы, ата-аналар мен балалар қатысты. Аталған орталық биыл Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен ашылған еді. Мекеме әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында жұмыс істейді. Кездесу барысында қала әкімі құттықтау сөз сөйлеп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
«Сіздерді шаттық пен қуанышқа толы Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл өмірлеріңізге жаңа үміт, жаңа арман, жаңа мақсаттар әкелсін. Алар асуларыңыз көп болып, білім жолында талмай ізденіп, әрбір бастаған істеріңіз сәтті аяқталсын. Жаңа жыл сіздерге бақыт, береке, мол жетістік пен жарқын болашақ сыйласын!» – деді Әділет Нұрсағатұлы.
Іс-шара соңында концерттік бағдарлама ұсынылып, балаларға сыйлықтар табысталды.