Қала әкімінің қатысуымен балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті

Қала әкімінің қатысуымен балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында қала әкімінің дәстүрлі Жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы, сондай-ақ бөлім басшылары қатысты. Жаңа жылдық мерекеге 150 бала шақырылды. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқу, спорт, шығармашылық, өнер және қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытып, жетістікке жеткен дарынды оқушылар болды. Мерекелік бағдарлама екі бөлімнен тұрды. Алдымен театрландырылған, музыкалық сүйемелдеумен дайындалған әсерлі жаңа жылдық қойылым көрсетілді. Балалар ертегі әлеміне еніп, Аяз Ата мен Ақшақармен кездесіп, ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Шара соңында барлық қатысушыларға арнайы дайындалған жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Сыйлық жиынтығына сөмке, спорттық костюм және тәттілер салынған қапшықтар кірді.