
Әкім аппаратының басшысы Еркен Беркеновтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудандық бөлімдердің басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен тиісті сала өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде 2025 жылғы қылмыстық ахуалдың жай-күйі мен оның қорытындылары талқыланды. Сонымен қатар «102» жедел желісіне келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы хабарламалардың саны, сипаты және олар бойынша қабылданған шаралар қаралды.
Сондай-ақ қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.
Жиын қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүйелі түрде жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктелді.