
Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға бөлім басшылары, коммуналдық қызмет және «Отбасы» банкінің өкілдері қатысты.
Кездесуге 31 тұрғын келіп, 1 азамат онлайн қатысты. Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй кезегі, ауыз су, жарық, ағаш кесу, ойын алаңдарының жағдайы, қоқысты уақытылы шығару және қоғамдық көлікке қатысты мәселелерді көтерді.
Қала басшысы тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Және тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін Тәнірберген көшесі 1, №112 кабинет немесе Достаевский көшесі 110, №7 кабинетке барып, өтініш қалдыру қажет.