Семей қаласының үздік жастары марапатталды

Семей қаласының үздік жастары марапатталды

Семей қаласы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» жыл сайынғы сыйлығы табысталды. Жастарды қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы марапаттады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Еліміздің болашағы – жастардың қолында». Бұл – жай ғана сөз емес, бұл – әрқайсыңызға артылған үлкен жауапкершілік. Сіздердің жігерлі еңбектеріңіз, жаңа идеяларыңыз бен батыл бастамаларыңыз еліміздің ертеңін нықтай түсетініне мен кәміл сенемін. Бүгін «Мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін»марапатына ие болып отырған азаматтар – көпке үлгі, жас ұрпаққа жол көрсететін тұлғалар. Сіздердің еңбектеріңіз – қаламыздың ғана емес, тұтас ел дамуының бір бөлігі», – деді Әділет Нұрсағатұлы.

Сыйлыққа 16 мен 35 жас аралығындағы жастар қатысты. Барлығы 10 номинация бойынша үздіктер анықталды:

Жылдың «Үздік студенті» – Рахметжанова Шынар Ерболқызы;
«Бүгінгі күннің батыры» – Амантаев Темірлан Серікқалиұлы;
Жылдың «Ізгі істер иесі» – Жунисбекова Перизат Ержанқызы;
Жылдың «Медиа маманы» – Бутина Маргарита, Кенжебеков Ерасыл Ардақұлы;
Жылдың «Жас мемлекеттік қызметкері» – Саркучиков Ербол Нұрболатұлы;
Жылдың «Жас спортшысы» – Тоқтар Дина Миратқызы, Гилимбекова Амина Айдарқызы;
Жылдың «Үздік дәрігері» – Аманғалиева Гүлдана Манатбекқызы;
«Білім және ғылым саласының үздік жас маманы» – Тұрысбекова Бинұр Ахатқызы;
Жылдың «Жас еңбек адамы» – Сейтбеков Елдос Айдынбекұлы, Баймурзаев Еркін Батырғазыұлы;
Жылдың «ІТ маманы» – Нестеренко Павел Павлович.

📌

Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!