
Семей қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы мемлекеттік-құқықтық бөлімнің ұйымдастыруымен өтті. Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, мемлекеттік құқықтық бөлім басшысының ведомствоаралық комиссияның 2025 жылғы атқарған жұмыстарының қорытындылары, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың қызметіне цифрлық шешімдерді енгізу туралы баяндамалары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша тапсырмалар беріліп, жауапты ведомстволарға тиісті ұсыныстар берілді.