
Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға 17 тұрғын қатысты. Азаматтар жылу, орталықтандырылған су жүйесіне қосылу, жол жөндеу, аула абаттандыру сынды сұрақтарды көтерді.
Қабылдау кезінде тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Еске сала кетейік, жеке қабылдауға жазылу үшін Семей қаласы әкімі аппараты ғимаратына келіп (Тәңірберген, 1), 112 кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.