Құрметті Семей қаласының жастары!

Құрметті Семей қаласының жастары!

Семей қаласы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлыққа өтінім қабылдау жүргізіп жатыр.

Бұл сыйлық Семей қаласының аумағында тұратын 16 пен 35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі

Байқау аталымдары:
- Жылдың үздік студенті
- Жылдың ізгі істер иесі
- Бүгінгі күннің батыры
- Жылдың жас медиа маманы
- Жылдың жас мемлекеттік қызметкері
- Жылдың жас спортшысы
- Жылдың жас дәрігері
- Білім және ғылым саласының үздік жас маманы
- Жас еңбек адамы
- Жылдың IT-маманы

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 6 желтоқсанға дейін.
Құжаттар Семей қаласы, Уалиханов көшесі, 159 мекен-жайында орналасқан «Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ (1 қабат) мекенжайына қабылданады.

Анықтама телефондары:
8 722 35 3845, (87476970334 – Талшын Жаманқұлова).

Өз жетістігің арқылы өңірдің дамуына серпін бер!
Бірлесіп әрекет етіп, бір ырғақпен алға қадам басайық!