
Абай атындағы театрда халқымыздың біртуар перзенті Өзбекәлі Жәнібековке арналған «Өзбекәлі» атты қойылым сахналанды.
Кеш қонақтары ел тарихында өшпес із қалдырған, ұлттық өнердің жанашыры болған көрнекті қайраткердің өмір жолын сахна төрінен тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Қойылымды тамашалауға қала әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Еркен Беркенов және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Өзбекәлі Жәнібеков – ұлттық мәдениеттің жаңғыруына зор үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері. Ол Тайқазанды елге қайтарып, Наурыз мерекесін халықпен қайта қауыштырған тұлға ғана емес, сондай-ақ елдің түкпір-түкпірін аралап, қазақ мектептерінің ашылуына және өңірлерде театрлар құрылуына ұйытқы болған азамат.
Қойылымда оның күрделі тағдыры мен ұлт алдындағы ерен еңбегі, қайраткерлік келбеті көркем түрде сахналанды.