Қала әкімдігінің отырысы өтті

Қала әкімдігінің отырысы өтті

Қала әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиында белгіленбеген жерлерде сауданы жою, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу, қаладағы этносаралық қатынастардың аспектілері қаралды.

Биыл қаңтар-қараша аралығында рұқсат етілмеген орында сауда жасағаны үшін барлығы 566 әкімшілік хаттама толдырылды, оның ішінде 452 ескерту беріліп, 114 айыппұл салынды.

Жұмыс тобы заңсыз сауда фактілерінің дереу алдын алу мақсатында дәстүрлі түрде қалыптасқан стихиялық сауда орындарына тұрақты мониторинг жүргізеді. Кәсіпкерлік бөлімінің басшы Еркебұлан Накиповтың баяндауынша стихиялық сауда өтетін барлық базарларда әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға арналған орындар бар. Дегенмен, адамдар өздеріне тиімді жерде сауда жасауды жөн көреді.

«Барлық жұмыстар заң аясында және белгіленген тәртіпке сай жүргізілуі керек. Біз үшін ең бастысы – атқарылып жатқан жұмыстың сапасы мен нақты нәтижесі. Сондықтан әр бөлім өз құзыреті шегінде жауапкершілікті күшейтіп, мәселелерді уақтылы шешуі қажет», - деді Әділет Қожанбаев.

Отырыс нәтижесінде бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.