
Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қоғамдық кеңес отырысына қатысып, кеңес мүшелерімен бірге қаладағы бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Отырыс барысында жол жөндеу, жарықтандыру, абаттандыру мәселелері айтылды. Кеңес мүшелері осы саладағы жұмыстарды жетілдіру және тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз етуге байланысты өз ұсыныстарын білдірді.
«Сіздерге қала дамуындағы белсенділіктеріңіз үшін алғыс айтамын. Ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз біздің жұмысымызды жақсартуға көмектесіп, тұрғындардың игілігі үшін маңызды шешімдер қабылдауға бағыт береді», - деді қала әкімі.
Отырыста сөз алған Қоғамдық кеңес төрайымы Гүлжан Алтынбекова кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органмен бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.
Әділет Қожанбаев кеңес өкілдерінің пікірін ескеріп, диалогқа ашық екенін жеткізді.