Қала басшысы «Смычка» су қабылдағышының жұмысымен танысты

Қала басшысы «Смычка» су қабылдағышының жұмысымен танысты

Қала әкімі Әділет Қожанбаев «Смычка» су қабылдағышына барып, станцияның қазіргі жағдайымен танысты

Нысан 1964 жылы пайдалануға берілген. «Смычка» су қабылдағышы – қаладағы ең ірі су көзі, ол оң жағалаудағы 75 мыңнан астам тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етеді.

«Оң жағалауды сумен қамтамасыз етіп отырған бұл станцияның сенімді, әрі тоқтаусыз жұмысы біз үшін аса маңызды. Тұрғындарды тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», - деді Әділет Қожанбаев.

Сапар барысында қала әкімі су қабылдағыштың маңыздылығын атап өтіп, нысанның үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету – басым міндеттердің бірі екенін жеткізді.