
Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев тұрғындарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға 18 азамат келіп, өз өтініштері мен мәселелерін жеткізді.
Азаматтар тұрғын үй, жолдардың жағдайы, қоғамдық көлік жұмысы, абаттандыру, жарықтандыру, жеке кәсіпке қатысты мәселелерін жеткізді. Әрбір мәселе бойынша тиісті бөлім басшылары заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде тұрғындардың ұсыныстарын назарға алып, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.