
Өңірлік коммуникациялар алаңында қала әкімі Әділет Қожанбаев 10 айда атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің өсімі 300,8 млрд. теңгені құрады. Өндірілген өнім көлемі – 114,4%.
Қала бойынша жалпы құны 46,7 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны іске асырылуда. Нәтижесінде жаңадан 895 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Бөлшек тауар айналымы 2025 жылдың есептік кезеңінде 389,8 млрд теңгені құрады.2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 млрд теңгеге өсті, өсу қарқыны – 111,0%, негізгі көрсеткіштер индексі (НКИ) – 101,7%.
Қарағайлы ықшам ауданында ағымдағы жылдың 1 қарашасында жалпы ауданы 15 952 шаршы метр болатын 9 көпқабатты 3 тұрғын үй (поз. 48, 49, 50) (208 пәтер) пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін ауданы 11 292 шаршы метрболатын 2 тұрғын үйді (поз. 46, 47) (136 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда.
Биыл 52 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 36 көшеге алғаш ретасфальт төселді. 2025 жылдың басында 45 жаңа автобус сатып алу жоспарланған болатын. Бүгінде жоспар ертерек орындалып, қазіргі уақыттың өзінде 62 жаңа автобус сатып алынды. Сонымен қатар қала тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды.
Қала әкімі Әділет Қожанбаев сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерді тыңдаған еді. Уәделер назардан тыс қалмай, бүгінгі таңда кезең-кезеңімен орындалуда. Жолдар жөнделіп, санитарлықжәне апатты ағаштарды кесу, тазалық сақтау жұмыстары жүргізілуде.
Брифинг кезінде әкім 30-дан астам сұраққа жауап берді.