Семейдің киелі жерлері

Семейдің киелі жерлері

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі студенттерінің қатысуымен «Семейдің киелі жерлері» атты бейнешолу өткізді.

Іс-шара басында қатысушыларға әуежай билеттері түрінде әзірленген билеттер таратылды. Әр билетте студенттің қай топқа тиесілі екені және мотивациялық сөздер жазылған.

Әрі қарай «Семейдің киелі жерлері» атты арнайы дайындалған тұсаукесер мен бейнематериалдар көрсетілді. Бұл бөлімде қатысушылар Семей өңірінің киелі, тарихи және мәдени нысандарымен танысты. Келесі кезеңде әр топқа ребустар мен логикалық тапсырмалар таратылды.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында қызықты психологиялық ойын ойнатылып, қатысушылар шарадан алған әсерлерімен бөлісті. Кітапхана қорындағы кітаптардан көрме ұйымдастырылып, кітапхананың тыныс-тіршілігі таныстырылды.