
2025 жылғы 5–8 қараша аралығында Семей қаласында бокстан қаланың ашық біріншілігі өтті.
Аталған жарысқа Семей және Аягөз қалаларынан, сондай-ақ Абай, Ақсуат, Бородуллиха және Үржар аудандарынан келген 2008–2009 және 2010–2011 жылдары туған қыздар қатысты.
Біріншілік 25 салмақ дәрежесі бойынша Бүкіләлемдік бокс федерациясының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды. Додаға 60-тан астам жас спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен және медальдарымен марапатталды.