Құрметті Семей қаласының тұрғындары және ата - аналар!!!

Құрметті Семей қаласының тұрғындары және ата - аналар!!!

Семей қаласының әкімдігі және қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы Сіздерді, көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау жағдайларының алдын алу мақсатында төмендегі ережелерді ұстанудың жөнін ескертеді:

Біріншіден, баланы ешқашан терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмаңыздар, тіпті бірнеше секундқа. Балалар епті және ізденімпаз – қайғылы оқиға үшін бір секундқа назар аудармау жеткілікті болуы мүмкін.

Екіншіден, терезелердің жанына орындықтар, креслолар, пуфиктер немесе бала көтеріліп шыға алатын басқа заттарды қоймаңыз.

Балаларға москит торлары сенімді қорғаныс емес екенін түсіндіру де маңызды – олар жалған қауіпрсіздік сезімін тудырады, бірақ баланың салмағын көтере алмайды.

Максималды қауіпсіздік үшін терезеге баланың терезені өз бетінше ашуына мүмкіндік бермейтін арнайы құлыптарды, блокираторларды немесе құлыпталған тұтқаларды орнату ұсынылалды. Құлыпталған тұтқа терезені жабық күйде бекітуге немесе желдету үшін кішкене саңылау қалдыруға мүмкіндік береді, бірақ бала терезені толық ашуына жол бермейді.

Поликарбонат торы: терезенің сыртқы түрін бұзбайтын, жарық пен таза ауаның кіруіне кедергі жасамайтын, бірақ балалардың құлап кетуіне сенімді түрде жол бермейтін мөлдір және берік қорғаныс.

Сондай – ақ, балкондар туралы ұмытпаңыз – бала ересектердің сүйемелдеуінсіз онда шықпауы керек, ал қоршаулар сенімді және биік болуы керек.

Есіңізде болсын: тіпті кішкене сақтық шарасы баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Құрметті ата - аналар, балаларымыздың қауіпсіздігі – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Сіздерден осы ұсынымдарды мұқият қарауды, үйіңіздегі терезелерді қорғауды үшін қажетті шаралар қабылдауды және балаларға қауіпсіз мінез – құлық ережелерін үйретулеріңізді сұраймыз. Бұл кеңестер сіздің балаларыңыз үшін қауіпсіз орта құруға көмектеседі деп үміттенеміз.

Назар аударғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!