
Қала басшысы Әділет Қожанбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық отырыс өтті. Жиынға әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, коммуналдық қызмет ұйымдарының өкілдері және инспекторлар қатысты.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды: сауда-саттық (аукцион) арқылы қала аумағындағы коммерциялық мақсаттағы жер учаскелеріне жер пайдалану құқығын беру барысы және алдағы қыс маусымына арналған қаланы безендіру жұмыстары.
Әділет Қожанбаев жер беру процесінің заң талаптарына толық сәйкес өтуі керектігін атап өтіп.
«Жер учаскелерін беру кезінде барлық рәсімдер заңды болуы тиіс. Қала бизнесіне жағдай жасау – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Сондай-ақ ол қысқы безендіруге қатысты, қысқы мерекелік атмосфераны қалыптастыру – тұрғындардың көңіл күйіне тікелей әсер етеді. Сондықтан безендіру жұмыстары сапалы, уақытылы және қаланың жалпы көрінісіне үйлесімді болуы қажет», - деді әкім.
Отырыс нәтижесінде қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.