
Семей қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқытушылары мен қызметкерлері арасында үстел теннисінен қалалық спартакиада өтті.
Спартакиаданың үстел теннисі бойынша кезеңі 3 қараша күні өткізілді. Жарысқа Шәкәрім атындағы университет, Әлихан Бөкейхан университеті, Семей медицина университеті, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Шәкәрім атындағы жоғары колледж, Р. Байсеитов атындағы қаржы-экономикалық колледж, Электротехникалық колледж, Қайнар колледжі, Геодезия және картография колледжі, Семей көпсалалы колледжі және Семей көлік колледжі қатысты.
Айта кетейік, спартакиаданың жалпы қорытындысы спорт түрлері бойынша жинаған ұпай саны негізінде командалардың жалпыкомандалық есебі арқылы анықталатын болады.