
Қала әкімі Әділет Қожанбаев жұмыс сапары барысында қаланың бірқатар аумақтарын аралап, Энергетик, 7 мекенжайының тұрғындарымен кездесті. Әкім бұған дейін де сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде келіп, халықтың мәселелерін тыңдаған болатын.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді айтып, күнделікті тұрмысқа қатысты өтініштерін жеткізді. Әсіресе, балаларға арналған спорттық алаңдарды аяқтап беруді сұрайды.
Әділет Қожанбаев тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият тыңдап, мәселелерді шешу үшін тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.