
Қала әкімі Әділет Қожанбаев Семейдегі жылу нысандарын аралап, олардың қазіргі жұмыс барысын тексерді. Атап айтқанда, ЖЭО-1, РК-1, РК-3, «Орталық», «103, 103 А» қазандықтарына барып, атқарылып жатқан жұмыстармен және жылу беру көрсеткіштерімен танысты.
Аралау барысында әкім қазандықтардың техникалық жағдайына, желілердің жұмыс режиміне және жүргізілген жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударды. Мамандар станциялардағы жабдықтардың қазіргі жүктемесі мен тұрақтылығы жөнінде баяндап, жылу беру маусымының өту барысы туралы ақпарат берді.
Аталған жылу нысандарында қыс мезгілінде 600-ге жуық қызметкер тәулік бойы жұмыс істейді. Ал жаз айларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 400-ге жуық маман тартылады.
«Жылыту маусымы басталғанына бір айдан асты. Жұмысты бәсеңдетуге болмайды. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда жылу температурасын төмендетпеуіміз қажет», – деді Әділет Қожанбаев.
Сонымен қатар, жылу беру маусымының қауіпсіз әрі тұрақты өтуі үшін барлық тиісті мекемелерге жауапкершілікті арттыру тапсырылды.